Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі — Қазақстан Республикасындағы ең көне музейлердің бірі, негізі 1915 жылы 1 тамызда қалалық кеңестің шешімімен ынталы-өлкетанушылардың күшімен қаланған.
1936 жылдың шілдесінде ол облыстық музей мәртебесін алып,1995 жылдың тамыз айынан XX ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіштерінің бірі — ағайынды Яушевтердің бұрынғы сауда үйі ғимаратында орын тепкен.