Рудный қаласында 1200 орындық мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын мектептің ашылуы өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өтті. Бұл мектеп Eurasian Resources Group (ERG) компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынып, жобаға 8 млрд теңге инвестицияланды. Мектеп заманауи талаптарға толықтай сай жабдықталған.
Ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және директорлар кеңесінің төрағасы, ERG бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов қатысты.
«Заманауи мектептің ашылуы-мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Бұл өскелең ұрпақтың бойында адалдықты, еңбекқорлықты, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу үшін берік негіз болатынына сенімдімінӨз кезегінде Шухрат Ибрагимов жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының бір бөлігі болғанын атап өтті. Мемлекет басшысы мектеп – білім мен тәрбиенің киелі ордасы екенін үнемі айтады. Сапалы білім – әлеуметтік саясаттың басты басымдылығы. Бүгін біз Рудный қаласында ашылып жатқан 1200 орындық заманауи мектеп – мемлекет пен бизнестің бірлескен жемісі. Жаңа оқу орны барлық заманауи талаптарға сай, балаларға сапалы білім, спорт пен шығармашылық бағытта дамуға мүмкіншілік береді. Бұл мектеп адалдық, еңбекқорлық, патриотизм және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеудің мықты негізіне айналарына сенемін», – деді Құмар Ақсақалов.

ERG басқарма төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов пен ҚР Білім министрлігінің департамент директоры Бүлбүл Елеусинова сөз сөйлеп, тау шаһары Рудныйда ұзақ жылдар ішінде алғаш рет осындай мектептің ашылып жатқанын атап өтті.
«Бұл жоба еліміздің «Келешек мектептері» ұлттық бастамасының бір бөлігі болуына мақтанамыз. Ғалым Каныш Сәтпаев айтқандай: «Болашақ – жастардың қолында. Бірақ сол болашаққа білім багажымен кіру керек». Біздің салған мектеп – осы мақсатқа барлық шарттарды қалыптастырған мектеп», – деп атап өтті Шухрат Ибрагимов.

Алғашқы қоңырау соғылып, бірінші сынып оқушылары үшін керемет сәт басталды. Алда оларға көптеген жаңалықтар мен жетістіктер жолын ашады.
Жаңа гимназия тек классикалық кабинеттер мен спортзал емес. Мұнда физика мен химия бойынша тәжірибелер, биология мен экологияны зерттеуге арналған гидропоникалық қондырғылар, медиа алаң және подкаст студиясы бар сандық зертханалар бар. Соңғысында оқушылар медиа сауаттылық дағдыларын дамыта отырып, бейнелерді монтаждауды және өз бағдарламаларын жазуды үйрене алады. Маңызды ерекшелігі – тұрақтылық. Ғимарат күн панельдерімен жабдықталған, бұл мектептің электр энергиясына деген қажеттілігін ішінара жабуға мүмкіндік береді.
Жаңа № 2 гимназияда барлық қажетті жағдай жасалған: «Білім ағашы» – өсім, даму мен тұрақтылықты бейнелейтін арт-объект күмбезді фойеде тұр. 60 сынып, 4 компьютерлік сынып, STEM-лаборатория мен робототехника кабинеті, шеберханалар, шетел тілі кабинеттері.
Экологияға ерекше мән берілген – бұл бүкіл жүйе эргономика, экологиялық таза және энергия үнемдеушілікке бағытталған. Мектепке энергия күн панельдері арқылы беріледі.

Спорттық және хореография залдары, спорт алаңдары, 380 орындық акт залы, гардероб, LED-экран, медиа-аймақ, подкаст-студия бар. Лифт, жеке шкафшалар, асхана, медициналық бөлім, инклюзивтілік кабинеті қарастырылған.
Медиатекасы бар кітапхана, коворкинг аймақтары, жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық ассистенттер арқылы педагогтарды қолдауға арналған жүйеге ие.
ERG пен «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қоры бірлесіп STEM пәндері бойынша төрт тәжірибелі мұғалімді Рудныйға жіберді.
Бұл ынтымақтастық біртұтас білім кеңістігін қалыптастырады, сапалы білім мен оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Өткен оқу жылында өңірде 3360 орындық бес жаңа мектеп ашылды, олардың төртеуі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылы балалар жаңа сыныптарында ғана емес, Аулиекөл ауданына қарасты Қушмұрун ауылында мемлекеттік тілде оқытатын 300 орындық мектепке де кірісуде. Жыл соңына дейін Рудныйда «Келешек мектептері» бағдарламасы шеңберінде тағы бір мектеп ашылады.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды