Ұлттық құраманың сапында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің түлегі Сауленко Глеб қатысып, “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” командалық құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлігі үшін медальон иегері атанды.
Құрама келесі құзыреттіліктер бойынша жалпы 7 медальон жеңіп алды: желілік және жүйелік әкімшілендіру (командалық құзыреттілік), мехатроника (командалық құзыреттілік), веб-технологиялар, CAD инженерлік графикасы және графикалық дизайн. Глеб пен оның тәлімгері Николай Сергеевич Булатты тамаша нәтижемен құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!