Eurasian Resources Group Орталық Азиядағы ең ірі «жасыл» металлургиялық зауыттардың бірін салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Компания Primetals Technologies GmbH (Австрия) және Midrex Technologies Inc. (АҚШ) консорциумымен Рудный қаласында болашақ ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт құрылысы аясында жабдықтарды жеткізу, егжей-тегжейлі инжиниринг және кешенді қызметтер көрсету туралы келісімшартқа қол қойды.
ERG компаниясы атап өткендей, бұл зауыт жаңа буындағы «жасыл» металлургиядағы ең ауқымды жобалардың бірі болмақ. Металдану деңгейі кемінде 93 пайыз және темір құрамы 90 пайыздан жоғары болатын өнім өндірісі Қазақстанға бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрімен жаһандық болат нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Компанияның айтуынша, жобаның басты ерекшелігі – оның экологиялық тазалығы. Midrex технологиясы бойынша темірді тікелей қалпына келтіру процесінде кокс орнына табиғи газ қолданылады, бұл көміртек ізін 50 пайыздан астам азайтады.
Зауыт «ССГПО» АҚ өз өндірісіндегі тотығу темір кені окатыштарын өңдейтін болады, ал дайын өнім болашақ металлургиялық кешеннің болат балқыту цехына тікелей жеткізілуі мүмкін.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл жобаның Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған міндеттерге толық сай келетінін атап өтті:
«Рудный қаласындағы ыстық брикеттелген темір зауытының жобасы – Президент тапсырмаларының нақты жүзеге асуының көрнекті мысалы. Бұл заманауи өндіріс өңір экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашады және аймақтың жаңа индустриялық экожүйесін қалыптастырудың негізі болады.»
Компания жобаны өзінің еншілес ұйымы – «QazIron ERG» ЖШС арқылы жүзеге асыруда. Жобаның өндірістік қуаты – жылына 2 миллион тонна ЫБТ, ал инвестиция көлемі 650 миллиард теңгеден асады. Зауытты 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады.
ERG Бас атқарушы директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов:
«Мемлекет басшысының Жолдауында терең өңделген және отандық, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру – басым бағыттың бірі екені айтылды. Бүгін осы консорциуммен жасалған келісім шарт – Қазақстандағы металлургия саласын дамыту мен ондағы ERG-дің көшбасшылығын нығайта түсетін стратегиялық қадам. Біз Қазақстанда «жасыл» металлургияны дамытуға, экспортты арттыруға жол ашатын, жаңа технологияларды енгізетін, жұмыс орындарын құратын және білікті адами капиталды қалыптастыруға ықпал ететін жоғары технологиялық өндіріс орнын құрып жатырмыз.»
Ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты жобасын ЕRG-дің еншілес кәсіпорны «QazIron ERG» ЖШС іске асырады. Зауыт жылына 2 млн тонна өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Жобаға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – 655 млрд теңге. Шамамен бір мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс орны 2029 жылы іске қосылмақ.
ERG-нің серіктестері бұл жобаны бүкіл өңір үшін серпінді (прорывной) бастама деп есептейді. Primetals Technologies компаниясының жаһандық Upstream бөлімінің атқарушы вице-президенті Андреас Фибек:
«Бұл ауқымды жоба Қазақстанның металлургия саласында жаңа дәуірдің басталуына жол ашады, және біз үшін оның жүзеге асуына қатысу – үлкен мәртебе. MIDREX Flex шешімі – бұл темір өндірудің ең экологиялық таза технологиясы, ол дәстүрлі домна әдісімен салыстырғанда көміртек ізін 50 пайыздан астам азайтуға мүмкіндік береді.»
«Midrex» президенті К. С. Вудидің айтуынша, аталған компания әлемде ыстық брикеттелген темір өндірісі бойынша көшбасшы саналады. Бүгінде бұл саладағы жаһандық нарықтың 90%-ы осы компанияның еншісінде. Компания соңғы 50 жыл ішінде әлемнің 21 елінде 100-ден астам қондырғы орнатқан.
Контракт жобаның келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берді – консорциум базалық инжинирингті аяқтап, енді құрылыс жұмыстарының нақты фазасы басталуда.
Ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты жобасын ЕRG-дің еншілес кәсіпорны «QazIron ERG» ЖШС іске асырады. Зауыт жылына 2 млн тонна өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Жобаға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – 655 млрд теңге. Шамамен бір мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс орны 2029 жылы іске қосылмақ.
«Бұл – Қазақстан үшін металлургия саласындағы жаңа дәуірдің бастауы болатын ауқымды жоба. Ол ERG-дің әлемдік нарықтағы позицияларын нығайтуға септеседі. Осындай маңызды қадамға атсалысу – бізге үлкен мәртебе. «MIDREX Flex» шешімдері – кеннен темір өндірудің ең экологиялық таза технологиясы екенін атап өту керек. Дәстүрлі әдіспен салыстырар болсақ, жаңа технология өндіріс барысында бөлініп шығатын көміртегі қышқылының көлемін 50% төмендетеді», деді «Primetals Technologies› компаниясының вице-президенті әрі жаһандық «Upstream» құрылымының жетекшісі Андреас Вихбек.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды