Қостанай облысының Құсмұрын стансасында вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізетін жаңа шеберхана іске қосылды. Аталған шеберхана «Astana Railway Services› серіктестігінің филиалы болып саналады, деп хабарлайды Qostanai media.
Әулиекөл ауданында жаңа өндірістік нысан – вагон-дөңгелек шеберханасы іске қосылды. Шеберхана вагон дөңгелектерін жөндеуге арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық стандарттарға сай. Жаңа нысан аймақтың өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Жаңа нысанның ашылу рәсіміне темір жол саласының қызметкерлері, «Astana Railway Services› ЖШС директоры Аманбай Айтжанов, Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов қатысты.
Вагон шаруашылығындағы басты проблеманың бірі – доңғалақ жұптарын жөндеуді отандық жөндеушілер игере бастағаны – қуанышты жаңалық.
«Astana Railway Services› ЖШС-нің бас директоры бүгінде кәсіпорында төрт вагон-дөңгелек жөндеу шеберханасының жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оларда заманауи престеу жабдықтары, жұмыс орнын механикаландыру жүйелері, өлшеу құралдары мен бұзбайтын бақылау құрылғылары, сондай-ақ сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктық жабдықтар орнатылған.
Көлік дөңгелек жұптарын күрделі жөндеу сапасын тиімді бақылау мақсатында бұзбайтын бақылау бөлімі ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру құны 520 млн 757 мың теңгені құрады. Ол толық циклді – жүк вагондары мен дөңгелек жұптарын бір кәсіпорында жөндеу өндірісін жолға қою тапсырыс берушілер үшін дөңгелек жұптарды тасымалдау шығындарын азайтып, жөндеу мерзімін қысқартатынын қоса айтты. Вагон-дөңгелек шеберханасының технологиялық қуаты жылына 4380 дөңгелек жұбын құрайды.
«Вагон-дөңгелек шеберханасының құрылысы биылғы тамыз айында басталды. Нысан екі айдан аз уақытта салынды. Ол толықтай Беларусь өндірісінің заманауи жабдықтарымен қамтылған, персонал толық оқытылған және келіп түсетін өнімді күрделі жөндеуден өткізуге дайын. Ресми бөлімнен кейін қонақтарға станоктардың және жоғары технологиялы жабдықтардың өндірістік процесі толық көрсетілді. Сондай-ақ вагон жөндеу цехындағы вагон бояуын лазерлік әдіспен тазарту үдерісі таныстырылды. Жоба теміржол саласын жаңғырту стратегиясы аясында іске асырылып отыр. Жаңа шеберхана өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Президент өз Жолдауларында инженерлік-техникалық кадрларды қолдаудың, өндірістік мамандықтарды дамытудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызды екенін бірнеше рет атап өтті. Темір жол торабы үшін аса маңызды бұл шеберхананың іске қосылуы – мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Мұнда жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс істеуге, кәсіби білімін жетілдіруге жағдай жасалған», деді «Astana Railway Services› ЖШС директоры Аманбай Айтжанов.
Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов аталған жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды екенін айтты.
«Мұндай өндіріс орындары өнеркәсіптің дамуына, жұмыс орындарының көптеп ашылуына және ауыл тұрғындарының тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді. Жаңа жұмыс орындары, тұрақты табыс және инфрақұрылымға салынған инвестициялар тікелей халық өмірінің сапасына әсер етеді», деді Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов.
Арнайы жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған шеберхана жылына 4 жарым мыңға жуық вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізе алады.
Жаңа вагон-дөңгелек шеберханасының іске қосылуы теміржол саласы үшін бірқатар маңызды артықшылық береді. Ең алдымен, зауыт жүк вагондары мен дөңгелек жұптарын бір жерде толық цикл бойынша жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл логистикалық шығындарды айтарлықтай азайтып, жөндеу мерзімін қысқартады. Нәтижесінде операторлар мен тасымалдаушылардың өндірістік тиімділігі артады.
Зауытта орнатылған заманауи жабдықтар – престеу техникасы, бұзбайтын бақылау жүйелері және сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктар – жөндеу сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіреді. Дәл осы сапа деңгейі вагондардың пайдалану мерзімін ұзартып, ақаулардың қайталану ықтималдығын төмендетеді.
Жаңадан іске қосылған қуат жылына 4380 дөңгелек жұбын жөндеуге мүмкіндік береді, бұл Қазақстан темір жолдарының қажеттілігін айтарлықтай қамтиды. Сонымен бірге, шеберхананың қосылуы елдегі өндірістік кооперацияны күшейтіп, импортқа тәуелділікті азайтады. Бұрын басқа аймақтарға немесе шетелге жөнелтілетін кейбір жөндеу түрлері енді ел ішінде орындалады.
Зауыттың жұмысы аймақ экономикасына да оң әсер етеді: жаңа жұмыс орындары ашылып, жоғары білікті мамандар даярланады. Беларусьтан әкелінген жабдықтарда жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы оқытудан өткен, бұл Қазақстандағы теміржол жөндеу саласының технологиялық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, лазерлік тазарту технологиясының енгізілуі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі тиімді әдіс саналады. Бұл өндірістің экологиялық жүктемесін азайтады және бояу сапасын жақсартады.
Жалпы алғанда, жаңа вагон-дөңгелек шеберханасы – бұл тек өндірістік нысан емес, Қазақстанның теміржол жөндеу саласын жаңғыртуға бағытталған стратегиялық жоба. Ол тасымалдау сенімділігін арттырып, вагон иелерінің шығындарын азайтады және саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
Соңғы жиырма жылда Қазақстанда іске қосылған жиырма екінші вагон-дөңгелек шеберханасы болып саналатын жаңа ВДШ-ның жұмысы тапсырыс берушілердің дөңгелек жұптарын жөндеу қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және вагон иелері – операторлардың көлік шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген Шыңғыс Сабыров