Оң бағасын берді

29 января 2026 8:53 • 350 просмотров

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Қостанай облысына келіп, өңірдегі бірқатар маңызды нысандарды аралады. Атап айтқанда, «Қостанай-Су» кәсіпорнының жұмысымен танысып, Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Жайлы мектеп» жобасының барысын тексерді.

Қостанай ауданына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермекк Маржықпаев келді. Сапар барысында Заречное ауылындағы жайлы мектеп құрылысының барысымен танысты. Бұл білім беру мекемесі барлық қажетті жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталады, оқушыларға ыңғайлы болу үшін мектепте оқулықтар мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар қарастырылған. Құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Жаңа мектеп балаларымызды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін қолайлы орта құрудағы маңызды қадам болмақ.

Қостанайға жасаған сапарларының басты мақсаты – өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың орындалуын және әлеуметтік нысандардың құрылысын қадағалау болып табылады.

Сондай-ақ, аудан инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті және әлеуметтік саланы қолдау мәселелері талқыланды. Премьер-Министр кеңесшісінің Қостанай ауданына сапары Үкіметтің өңірлерді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға назар аударатынын көрсетеді.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды