Рудный қаласы 2025 жылды тұрғын үй құрылысы саласындағы маңызды оқиғамен қорытындылады. Мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру аясында тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Кеншілер қаласының әкімі Виктор Ионенко қоныс иелерін өзі арнайы құттықтап шықты.
Қазіргі таңда Качарская көшесі, 11 және Молодая Гвардия көшесі, 15 мекенжайларында орналасқан екі көппәтерлі тұрғын үйден 20 кезекте тұрған азаматқа пәтер берілді. Аталған үйлерге жаңа қоныстанушыларды орналастыру жұмыстары ағымдағы жылы жалғасады.
«Қоныстануға дайын 75 пәтер бар. Тұрғын үй құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ бос тұрған үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Ленин көшесіндегі тұрғын үй жөнделуде. Құрылысты жазға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда мың пәтер тапсырылды», – деді Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко.
Жаңа пәтерлер Качарская көшесі, 11 үй және Молодая Гвардия көшесі, 15 үй мекенжайларындағы тұрғын үйлерден берілді. Жеке құрылыс компаниясы бұл тұрғын үйді іргетасынан бастап салған. Кепілдік мерзімі екі жыл. Осы кезең ішінде компания тұрғын үйге өзі қызмет көрсететін болады. Бұл – үй кезегінде тұрған азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қолдаудың нәтижесі.
Тұрғын үйлер жеке құрылыс компаниясы тарапынан іргетасынан бастап салынған. Келісімшарт талаптарына сәйкес, екі жыл бойы үйлерге қызмет көрсету құрылыс компаниясының міндетінде болады. Бұл тұрғын үйлердің дұрыс күтіп-ұсталуы мен тұрғындар үшін жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Үй екі жыл бойына құрылыс жүргізген компанияның кепілдігінде болады. Мерзім аяқталған соң да тұрғындардың қалауы бойынша қызмет көрсетуді жалғастыра береміз. Біз кезегін ұзақ күткен азаматтар үшін қосымша шығынсыз бірден қоныстанауға жағдай жасадық», – дейді компания директорының орынбасары Фархад Ғабдуллин.
Соңғы жылдары кеншілер қаласында қаңырап бос қалған көп пәтерлі тұрғын үйлерді қайта қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның үстіне жеке компаниялар да тыңнан тұрғын үй тұрғызуда. Нәтижесінде 55 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға артық. Мұндай өсім қаладағы құрылыс саласының дамып келе жатқанын және тұрғындарды баспанамен қамту ісіне ерекше көңіл бөлініп отырғанын айғақтайды.
Қазіргі уақытта Ленин көшесіндегі тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы үш жылда қалада мыңға жуық пәтер пайдалануға беріліп, бұл тұрғын үй мәселесін шешуге елеулі үлес қосты.
Сонымен қатар жеке инвестицияларды тарту арқылы жаңа тұрғын үйлер салу жобалары жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 55 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға жоғары. Мұндай оң динамика құрылыс саласының тұрақты дамып келе жатқанын және тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты көрсетеді.
Пәтерлі болған жанның бірі Дина Ыбыраева. Ол үш жыл үй кезегінде тұрған. Бұған дейін отбасы апатты жағдайдағы үйде тұрып келген.
«Жолдасым екеуіміз бес бала тәрбиелеп отырмыз. Енді жылы, жаңа пәтерде тұратын боламыз. Пәтеріміз үш бөлмелі. Өзім сынды пәтер алғандарды қуанышымен құттықтаймын», – дейді пәтер иесі Дина Ыбыраева.
Азаматтарды қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Тұрғын үй кезегін қысқарту және жаңа құрылыс жобаларын жүзеге асыру жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды