Қоныс тойы тойланды

12 февраля 2026 8:44 • 180 просмотров

Денисов ауданының орталығында жаңа екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа тұрғын үй аудан орталығындағы Чапаев көшесі, 11А мекенжайында орналасқан. Екі қабатты көппәтерлі үй сапалы әрі төзімді құрылыс материалдарымен салынған. Ғимарат заманауи талаптарға сай инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: су, газ және жылу желілері толық тартылған. Пәтерлер таза әрлеумен пайдалануға берілді.

Нәтижесінде 11 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер және мүгедектігі бар азаматтар бар.

Пәтерлерді бөлу «Отбасы банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылды. Тұрғын үй мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында салынды және азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

Өңірде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды