Тобыл қаласында 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Қостанайда өткен кеңейтілген кеңесте айтылды.
Ол туралы облыс әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов 2025 жылдың қорытынды жиынында баяндады.
Қалада кезекте тұрғандар мен әлеуметтік осал топтар үшін 2 млрд теңгеге 115 пәтер сатып алыныпты. Сонымен қатар кәсіпкерлер өз шаруашылықтарының қызметкерлері үшін 15 пәтер салған. Әңгіме баспана мәселесі туралы болғанда жаңа шағын аудандар туралы айтпай кетуге болайды.
«Жуырда «Отбасы банк» арқылы сатылатын бес қабатты 10 тұрғын үй немесе 450 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта тағы бес қабатты 13 тұрғын үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Оларды биыл аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ биыл тоғыз қабатты 12 және он жеті қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр», – деді Берік Таңжарықов.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды