Оңалту орталығына оң бағасын берді

12 марта 2026 9:06 • 212 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 60 орындық реабилитациялық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл кешен Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы ашылған болатын.

Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады. Соның арқасында мекеме балаларға сапалы медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Реабилитациялық орталық балалардың денсаулығын жақсартуға және әлеуметтік оңалтуға бағытталған барлық арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады.

«Бұл орталық балалардың денсаулығын жақсартуға және олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған барлық арнайы әлеуметтік қызметті ұсынады. Егер бұрын облыс орталығындағы 20 төсек-орынға арналған жалғыз реабилитациялық мекемеде жылына шамамен 400 бала ғана оңалту курсынан өте алса, қазір реабилитациямен қамту бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі кемінде 900 баланы құрайды», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Таяуда қойылған тірек-қимыл аппаратының жұмысымен кеңесшісі Аслан Дабылов таныстырды. Ол оның көптен бергі арманы болған екен. Бұрын облыс орталығында небәрі 20 төсек-орынға арналған жалғыз оңалту мекеме болған еді. Онда жылына шамамен 400 бала ғана оңалту курсынан өтетін. Ал жаңа орталық іске қосылғаннан кейін осындай қызметпен қамтылатын балалар саны айтарлықтай артты.

Қазір бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі кемінде 900 бала оңалтудан өту мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл ерекше күтімді қажет ететін балаларға дер кезінде көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Аймақ басшысы сонымен қатар, тағы бір жобаны қолға алғанын айтты. Ол «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қостанай қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісім. Нысанның құрылысы биыл басталады.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды