Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жұмыс сапары барысында негізгі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық ведомствоның мәліметінше, негізгі жобалардың бірі – 1993 жылдан бері жұмыс істемей тұрған әуежайды қалпына келтіру. Қазіргі уақытта терминал мен инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде, жұмыстарды шілде айында аяқтау жоспарланған. Нысанды тексеру барысында өңір басшысы оның құрылысы стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
«Жаңа әуежай құрылысы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі бағыттардың бірі. Бұл жоба өңірдің оңтүстік аудандарын дамытуға бағытталған», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Болашақта Арқалық – Қостанай және Арқалық – Астана бағыттары бойынша әуе қатынасын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ әуежай төтенше жағдайлар кезінде логистикалық міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын болады.
Әкімдік баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Атап айтқанда, жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, соның ішінде Арқалық қаласының өзінде де ішкі көшелер қалыпқа келтірілуде. Ұлытау облысы бағытындағы ұзындығы 87 шақырым жол учаскесі жаңартылып, бұл жолды айтарлықтай қысқартуға және қаланың логистикалық хаб ретіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
«Арқалық қаласы елдің Солтүстік – Оңтүстік – Батыс бағыттарын байланыстыратын логистикалық орталыққа айналады, – деді облыс әкімі. – Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Орталық – Батыс» жобасы іске асырылуда, бұл жоба елорданы еліміздің батыс өңірлермен тікелей байланыстырады. Ұзындығы шамамен 900 шақырым болатын жаңа автодәліз қашықтықты 550 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік береді».
Облыс әкімдигінің мәліметінше, әлеуметтік салада спортты дамытуға және қолжетимді инфрақұрылым қалыптастыруға ерекше назар аударылған. 2025 жылы қалада 3 әлеуметтик нысан пайдалануға берілді: «Қазақстан» спорт кешені, күрес залы бар спорт-интернат және мәдениет сарайы.
Қалада заманауи спорт нысандары жұмыс істеп тұр, ал биыл «Самұрық-Қазына» қорының қаражаты есебінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Сонымен қатар Родина ауылында да осындай кешен салу көзделген. Бұдан бөлек, қалада жабық хоккей кортының іргетасы қаланды.
Арқалық қаласы облыстық жазғы спартакиаданы өткізу алаңына айналады, ол қала құрылғанына 70 жыл толуы қарсаңында өтеді. Осыған байланысты стадионды жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Білім беру саласы да қөарқынды дамып келіді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында қалада зертханалары мен IT-инфрақұрылымы бар заманауи мектеп пайдалануға берілді.
Арқалықтағы педоагогикалық институт былтыр университет мәртебесін алған болатын. Университет мәртебесі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және білім беру бағдарламаларын іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
— Біз ескі ауыл шаруашылығы ғимарат қайта жаңартып, университетке беріп отырмыз. Мақсат – студенттер санын 5 мың адамға дейін арттыру, сондай-ақ журналистика, ауыл шаруашылығы және IT-бағыттары бойынша жаңа мамандықтар ашу жоспарлануда», – деп хабарлады Құмар Ақсақалов.
Соными қатар, оның айтуынша, өңірде теміржол инфрақұрылымы да жаңартылуда, соның ішінде Арқалық теміржол вокзалы бар.
Қаланы абаттандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қалада көгалдандыру, тұрғын үй қорын жаңарту және аумақтарды санитарлық тазарту жалғасуда. 3 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Құмар Ақсақалов сапар аясында көпшілікпен бірге 100 түп ағаш отырғызды.
Әкімдік мәліметінше, 2022–2025 гг. жылдары қала ортасын жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды: негізгі қоғамдық кеңістіктер мен орталық көшелер абаттандырылды; 35 мың шаршы метрден астам тас төселді; балалар ойын алаңдарының желісі құрылып, жаңартылды; «Демалыс» саябағы қайта жаңғыртылып, жаяу жүргіншілер фонтаны іске қосылып, сахна салынды; 4 мың ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар тұрғын үй қорын жүйелі жаңарту қамтамасыз етілді: 150-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттері жөнделді; тұрғын үй инфрақұрылымының тозу деңгейі төмендетілді.
Аталған жұмыстар 2026 жылы да жалғасады. Атап айтқанда, 18 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін және 19 үйдің шатырын жөндеу жоспарланған.
Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, әуежай, теміржол вокзалы, жолдар және басқа да нысандарды жаңғырту қаланың әлеуетін арттырып, оны еліміздің маңызды көлік-логистикалық орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды