Аймақ басшысының төрағалығымен өңірдегі мал шаруашылығының дамуы тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.
Мемлекет Басшысы атап өткендей, мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ауылдарда жұмыспен қамтуды арттырып, оларды тұрақты дамытудың негізгі факторы.
Былтыр асыл тұқымды мал сатып алуға, сүт пен ет өндірісінің құнын төмендетуге 7,5 млрд теңге бөлінсе, биыл 10,8 млрд қарастырылған. Өсім – 44%. Жылдық 2,5% мөлшерлемемен несие беру жалғасуда.
«Үкіметте 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Біздің облыс осы жоспардың негізгі бастамашыларының бірі болды, аграршылардың арзан несиелік ресурстарға қол жеткізу мүддесін жүйелі түрде қорғап келеді. Қазіргі таңда жылдық 6% мөлшерлемемен «Береке» және «Игілік» жеңілдетілген несиелік бағдарламалары іске асырылуда. Жайылымдық мал шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру үшін 7–10 жыл мерзімге дәл осындай мөлшерлемемен «Жайлау» бағдарламасы іске қосылады. Ол еліміздің үш облысында жүзеге асады. Біздің облыста – Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған. Әрбір салынған теңге нақты нәтиже беруі тиіс. Біздің міндет – мал басын көбейту, сапасын арттыру және заманауи технологияларды енгізу үшін қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Мемлекет Басшысы атап өткендей, мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының басым бағыттардың бірі.
Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ауылдарда жұмыспен қамтуды арттырып, оларды тұрақты дамытудың негізгі факторы.
Мемлекет тарапынан қолдау мал шаруашылығын дамытуға толық мүмкіндік береді.
Биыл асыл тұқымды мал сатып алуға, сүт пен ет өндірісінің құнын төмендетуге 10,8 млрд теңге субсидия қарастырылған.
Өткен жылы 5,7 млрд теңге көлеміндегі қолдау шарасын барлық аудандардың 300 шаруашылығы алды.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі аясында жылдық 2,5% мөлшерлемемен несие беру жалғасуда.
Айта кету керек, 2025 жылы 2022 жылмен салыстырғанда облыста мал мен құс санының өсуі байқалады: ірі қара мал 25,2 мың басқа, жылқы 14,2 мың басқа, қой мен ешкі 14,6 мың басқа артты.
Мал шаруашылығындағы тұрақты өсім 7 заманауи, ірі өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларының іске қосылуымен байланысты. Тағы да осындай 6 ферма салынуда, олардың 5-еуі ағымдағы жылы іске қосылады. Жылына 77 мың тонна шикі сүт өндіретін 12 жаңа заманауи сүт-тауар фермасы 200 мыңнан астам адамның қажеттілігін қамтамасыз етеді.
«Мал шаруашылығын дамытуға біз кешенді түрде қарауымыз қажет. Ел Президенті агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда нақты басымдықтарды айқындап берді: бұл – терең өңдеу, өнімділікті арттыру және заманауи технологияларды енгізу. Жаңа және жұмыс істеп тұрған фермалар ішкі және сыртқы жағынан өндірістік және санитарлық мәдениеттің үлгісі болуы тиіс. Барлық жерде тазалық, ұқыптылық жоғары деңгейде болуы қажет», – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Ауыл шаруашылығы басқармасы Ветеринария басқармасымен бірлесіп сүт фермасын ұстаудың нақты стандарттарын пысықтауы, сондай-ақ олардың сақталуын жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтердің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы 122 ветеринариялық пункт пен 78 мал қорымын сатып алуға 5,6 млрд теңге бөлінді.
Бүгінде облыста 20 ветеринариялық станция жұмыс істейді және
195 ветеринарлық пункт бар. Штат саны 540 ветеринарлық дәрігер болса, нақты саны – 465.
Кадрлармен қамту деңгейі 86,1% құрайды. Мамандарды тарту бойынша жұмыс Облыстың білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылда жүйелі негізде жүргізіледі.
— Біздің міндетіміз – мал басын көбейту, сапасын арттыру және заманауи технологияларды енгізу үшін қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Жергілікті өндіріс есебінен халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету басымдық болып қала береді. Бүгінгі таңда облыстың сиыр етімен қамтамасыз етілуі – 106%, сүт – 191%, жұмыртқа – 181% құрайды, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Өнімнің едәуір бөлігі шикі түрінде сатылады. Біз аймақтың қосымша құны мен кірістерін жоғалтып жатырмыз. Ет пен сүтті өңдеу үлесін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету қажет.
Мемлекет басшысы басымдықтарды нақты атап өтті: АӨК дамыту терең өңдеуге, өнімділікті арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге негізделуі тиіс.
Ағымдағы жылы ет өңдеу жобалары СҚО тәжірибесін көбейту бағдарламасына қосылды. Аудандар мен Арқалық қаласының әкімдіктері ауыл шаруашылығы басқармасына ет комбинаттарын салу және сою пункттерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыруға ниет білдіргендер бойынша ақпарат берсін.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды