Облыс әкімі Құмар Ақсақалов көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы Жақыпты мерейлі 80 жасымен құттықтады. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қалқаман Хасенұлы саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған тұлға. Қарапайым ауылдан басталған өмір жолы қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында биік белестерге ұласты.
300-ден астам ғылыми еңбегі ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік тіл, тарих, мәдениет және қоғам дамуы мәселелеріне арналды.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында жас буынға зор өнеге көрсетіп келеді.
— Мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасына бақ-береке, өмірлік жары Дәмеш Сақтағанқызымен қуанышты күндерді бірге өткізе беруіне тілектеспін, – деді құттықтау сөзінде Құмар Ақсақалов.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды