Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен тұрғын үй құрылысын дамыту және облыс елді мекендерінің сәулеттік келбеті тақырыбында аймақ әкімдігінің отырысы өтті.
Тұрғын үй саясаты – халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Президент атап өткендей, пайдалануға берілетін баспананың көлеміне ғана емес, оның қолжетімді әрі сапалы болуына назар аудару қажет.
Аймақта тұрғын үй салуға тек мемлекеттік бюджеттен 2022 жылы 19,1 млрд бөлінсе, 2025 жылы 49,3 млрд теңге бөлінді, бұл 2,6 есе көп. Жыл сайын тұрғын үй салу көлемін жоспардан асырып орындап келеміз. Нәтижесінде, соңғы 3 жылда шамамен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 251 көпқабатты үй және 1809 жеке үй салынды. 14 мың 729 отбасы баспана жағдайын жақсартты.
«Заманауи, сапалы баспана ауылдық елді мекендерде де салынуда. Өткен жылы 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, оның 63,7 мың шаршы метрі ауылдық жерлерде. Жалпы алғанда 5,4 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Баспана қолжетімді болу үшін әлеуметтік тұрғын үй салынады және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беріледі. 3 жыл ішінде 1,7 мың әлеуметтік пәтер тапсырылды. Бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз», – деді аймақ басшысы.
Жиында аудан-қаладағы тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат берілді. Осы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша, Денисов, Қостанай және Қамысты аудандары баспана салу жоспарының 50 пайызын орындап үлгерген. Ал, керісінше, Жітіқара, Науырзым, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында бұл бағыттағы жұмыс мүлдем орнынан жылжымапты.
«Бұл түрлеріңізбен жылдық жоспарды орындап шығатындарыңызға күмән бар. Сондықтан құрылыс маусымы бастала салысымен жұмысты мейлінше белсенділендіре түсіңіздер, – деп ескерту айтты Құмар Ақсақалов. – Біздің мақсат – облыстың барлық тұрғынына тепе-тең әрі лайықты тұрмыс жағдайын жасау. Барлық аудан-қалада тұрғын үй құрылысын әлі де дамыта беруіміз керек».
Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыстың барлық өңірінде «Қостанай жастары» бағдарламасы жұмыс істейді. 3 жыл ішінде бағдардарламаны қаржыландыруға шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 400-ден астам жас отбасы өз баспанасына ие болды. Биыл тағы 750 млн теңге қаражат бөлінді. Ал биыл облыста 520 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.
«Тұрғын үй саясаты – халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Президент: «Пайдалануға берілетін баспананың көлеміне ғана емес, оның қолжетімді әрі сапалы болуына назар аудару қажет», – деген еді. Заманауи, сапалы баспана ауылдық елді мекендерде де салынуда. Өткен жылы 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, оның 63,7 мың шаршы метрі ауылдық жерлерде. Жалпы алғанда, 5,4 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Баспана қолжетімді болу үшін әлеуметтік тұрғын үй салынады және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беріледі. Үш жыл ішінде 1,7 мың әлеуметтік пәтер иесін тапты. Бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз», – деді Құмар Ақсақалов.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Денисов ауданында (жылдық жоспардың 96%-ы немесе 2,8 мың шаршы метр), Қостанай ауданында (67,6% немесе 46,6 мың шаршы метр) және Қамысты ауданында (50,1% немесе 2,1 мың шаршы метр) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының орындалуы 50%-дан асты.
«Мен бұдан 3 жыл бұрын бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бойынша тапсырма берген едім. Бұл да тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің бір мүмкіндігі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен нысаналы түрде қаражат бөлінді. Үш жыл ішінде облыста 56 тұрғын үй қалпына келтірілді, оның ішінде 30-ы көпқабатты үйлер. Мысалы, Рудный қаласында – 11 үй, Арқалықта – 3 үй, Денисов және Қамысты аудандарында 2 үйден қалпына келтірілді».
«Елді мекендердің сәулеттік келбеті де ерекше назарды талап етеді. Сәулеттік келбет пен абаттандыруға қойылатын талаптар барлық жерде – қалаларда да, аудандарда да сақталуы тиіс. Біздің міндетіміз тек ғимараттар салу ғана емес, сонымен қатар тұрғындар үшін сапалы, заманауи орта құру. Барлық шешімдердің нәтижесі – тұрғындардың ыңғайлығы мен қауіпсіздігі болуы керек», – деді Құмар Ақсақалов.
Аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне құрылыс басқармасымен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын орындауды, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жоспарланған мөлшерде тұрғын үй сатып алуды, қала құрылысы жобаларын уақтылы және сапалы әзірлеуді және түзетуді тапсырды.
Өңір басшысы осыдан үш жыл бұрын иесіз үйлерді қалыпқа келтіруді тапсырған еді. Бұл үшін облыстық бюджеттен қыруар қаржы да бөлінген. Мұның нәтижесі де жоқ емес. Кейінгі үш жылда 56 үй қалпына келіп, жаңартылған. Олардың отызы – көп қабатты үй. Мәселен, Рудныйда 11, Арқалықта 3, Денисов және Қамысты аудандарын қоса алғанда төрт үй қайта қолданысқа берілген. Өңір басшысы бұл көрсеткішті ұлғайта түсу керегін айтты. Сондай-ақ салаға қатысты бірқатар тапсырма берді.
«Қалалар мен аудандар әкімдері Құрылыс басқармасымен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын орындасын. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жоспарланған мөлшерде тұрғын үй сатып алсын. Қала құрылысы жобаларын уақтылы және сапалы әзірлесін және түзетсін», – деген міндеттерді алға қойды облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды