Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

21 мая 2026 8:52 • 184 просмотров

Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңа қызметінде ол экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласына жетекшілік етеді.

Ербол Тасжүреков 1979 жылғы 25 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2007–2013 жж. Астана қ. Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013–2014 жж. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

2014–2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары.

2016–2018 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Шымкент қ. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2018–2019 жж. – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды