2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімдерінің экспорты 8,5 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қостанай облысының үлесі – 2,7 млн тонна немесе 27,2%. Айта кетейік, аймағымыз ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерін экспорттау жағынан республикада көш бастап тұр.
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанайдағы KAIZEN ЖШС жұмыс барысымен танысты. Бұл компания өңірдегі экспортқа бағытталған кәсіпорындардың бірі, бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеумен айналысады. Кәсіпорын 2023 жылы түркиялық Arbel халықаралық холдингінің инвестициясы есебінен салынған. Мұнда 70 жұмыс орны құрылған.
«Мемлекет Басшысы үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ке дейін ұлғайту міндетін қойды. Аймағымыз өңдеу өнеркәсібі жөнінен республикада көш бастап тұр. KAIZEN ЖШС осы бағытқа айтарлықтай үлес қосып отыр. Кәсіпорынға Түркияның Arbel холдингі 4 млрд теңге инвестиция салып, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылды. Компания өткен жылы мемлекетке 100 млн теңгеден астам салық төледі», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.
Экспортқа бағытталған осындай кәсіпорындардың бірі – екі жыл бұрын іске қосылған бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдейтін «Kaizen» ЖШС.
Бүгінде түркиялық Arbel холдингімен макарон өнімдерін шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар компания жылына 200 мың тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін салуды жоспарлап отыр. Соның нәтижесінде кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты жылына 400 мың тоннаға дейін жетеді.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, «Kaizen» ЖШС Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске қосылды.
«Kaizen» ЖШС халықаралық түркиялық Arbel холдингінің инвестициясы есебінен салынды. Кәсіпорында 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда төрт түрлі дақыл – асбұршақ, ноқат, жасыл және қызыл жасымық өңделеді.
Бүгінде бұл кәсіпорын бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласындағы технологиялық жарақтандырылу деңгейі мен өндірістік үдерістерді ұйымдастыруы жағынан еліміздің солтүстік өңіріндегі бірегей өндіріс орны болып табылады.
Өндіріс заманауи сапа және қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған.
Өндірісте төрт түрлі дақыл өңделеді: бұршақ, ноқат, жасыл және қызыл жасымық. Бүгінде кәсіпорын солтүстік өңір үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласындағы технологиялық жабдықталу деңгейі мен өндірістік үдерістерді ұйымдастыру тұрғысынан теңдессіз болып саналады. Өндіріс жоғары қосылған құны бар, сапа мен қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін өнім шығаруға бағытталған.
Кәсіпорынның технологиялық базасы заманауи, жоғары өнімді жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өндірістік үдерістерді автоматтандырудың жоғары деңгейін, өнім сапасының тұрақтылығын және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
«Arbel Group» компаниялар тобының президенті Хусейн Арсланның айтуынша, өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да шығарылады. Сыртқы сауда жағырапиясы Түркия Республикасын, Алжир Халық Демократиялық Республикасын, Ауғанстан Ислам Республикасын, сондай-ақ бірқатар Еуропа елдерін қамтиды. Өткен жылы кәсіпорын 180 мың тонна өнім өндіріп, экспорттаған.
Саланы одан әрі дамыту мақсатында Arbel холдингі KAIZEN серіктестігінің аумағында жылына 40 мың тонна өнім шығаратын ірі макорон фабрикасын салуды бастады. Жобаның инвестициялық көлемі – 15 млн АҚШ доллары. 70 жаңа жұмыс орны құрылады.
«Аталған жобаларды іске асыру ішкі нарықты отандық өңделген өніммен қамтамасыз етуге, импорттық макарон өнімдеріне тәуелділікті азайтуға, сондай-ақ кәсіпорынның экспорттық әлеуетін арттырып, жақын шетел нарықтарына шығуына мүмкіндік береді», – деді Құмар Ақсақалов.
Жалпы алғанда, Kaizen ЖШС қызметі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейін арттыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерге толық сәйкес келеді.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды