Меңдіқара ауданында экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және туризм әлеуетін арттыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Аймақ басшысы аудан экономикасын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау, туризм әлеуетін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Аудандағы 32 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Былтыр Архипов және Михайлов ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, 1 365 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды.
Мендіқара ауданындағы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, бүгінде 32 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізді. Бұл – 20 мыңнан астам тұрғын.
Өткен жылы Архипов және Михайлов ауылдарының тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды. Бұл мақсатқа 2,2 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 1 300-ден астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда 180 үйдің 50-і су жүйесіне қосылған.
Қостанай облысының ауылдарында 83,2 мың ауланың 63,1 мыңының үйіне су тартылған. Биыл бұл көрсеткіш тағы 2,7 мың аулаға артып, 65,8 мың аулаға жетеді. Жыл қорытындысы бойынша үй шаруашылықтарының шамамен 80%-ы үй ішіне тартылған сумен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, 2023–2025 жылдары аудан бойынша 96,5 шақырым автожол мен 45 көше жөнделді. Архипов, Ұзынағаш, Степанов, Борки, Михайлов, Иванов, Красносельское ауылдарының кіреберіс жолдары жаңартылды. Қазіргі уақытта Молодежное, Харьков және Қасқат ауылдарына баратын жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Архипов ауылындағы Монгольская көшесінің жөндеу жұмыстарымен таныстым.
Бұдан әрі облыс әкімі Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, онда егін жинау науқанына дайындық, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, егіс алқаптарының құрылымы және ауданның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Биыл ауданда 333,5 мың га алқапқа егін егілді. Оның ішінде 224,4 мың га – дәнді дақылдар, 102,6 мың га – майлы дақылдар, ал 5,9 мың гектары – мал азығы дақылдары.
Меңдіқара ауданында екі сүт-тауар фермасы салынған. Соның бірі Каменскуральск ауылында 1 200 басқа арналған ферма. Жылына 6,7 мың тонна сүт өңдеу мүмкіндігі пайда болды.
Серіктестік 800 басқа арналған тағы бір сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылдық өндірістік қуаты 8 мың тонна сүтті құрайды.
Ауданда екі сүт-тауар фермасының іске қосылуының нәтижесінде жылдық сүт өндірісі 14,4 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін, яғни екі еседен астам өсті.
Өндірістік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Каменскуральск ауылынан құрғақ бие сүті зауыты мен сүт-тауар фермасына дейін ұзындығы 10,4 км кіреберіс автожолдың құрылысы жүргізілуде.
«Барлық сүт-тауар фермалары жобалық қуатына шыққаннан кейін ұйымдасқан шаруашылықтардағы сүт өндірісі 2 есеге артады. Сонымен қатар, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 75%-дан 86%-ға дейін ұлғаяды. Қостанай ауданында аталған екі сүт-тауар фермасының іске қосылуы нәтижесінде кәсіпорындар жобалық қуатына жеткен кезде жылдық сүт өндірісі 32 мың тоннадан 44 мың тоннаға дейін артады», – деп атап өтті аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.
Бұдан соң облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарын баяндады.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды