Сүт өндірісі – ауыл экономикасының тірегі

30 июля 2026 8:49 • 193 просмотров

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданына барып, жаңадан бой көтеріп жатқан сүт-тауарлы фермаларының жұмысын тексерді.

«Ел Президенті үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ке дейін ұлғайту міндетін қойды. Ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, өндіріс көлемін арттыру үшін мемлекет инвестициялық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуде», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Былтыр облыста қуаттылығы 46 мың тонна болатын 7 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 34 мың тонна болатын тағы осындай 6 ферма салынуда. Оның 5-еуі биыл іске қосылады, ал жыл соңына дейін тағы 4 ферманың құрылысы басталады.

Биылғы жылдың соңына дейін Қостанай ауданында 1000 және 400 басқа арналған екі сүт-тауар фермасы пайдалануға беріледі:

«Надеждинка» ЖШС – жылдық қуаттылығы 7,5 мың тонна, инвестиция көлемі 4,2 млрд теңге, 40 жаңа жұмыс орны;

«ДК Мақсат KZ» ЖШС – жылдық қуаттылығы 4,4 мың тонна, инвестиция көлемі 3,2 млрд теңге, 32 жаңа жұмыс орны.

«Барлық сүт-тауар фермалары жобалық қуатына шыққаннан кейін ұйымдасқан шаруашылықтардағы сүт өндірісі 2 есеге артады. Сонымен қатар, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 75%-дан 86%-ға дейін ұлғаяды. Қостанай ауданында аталған екі сүт-тауар фермасының іске қосылуы нәтижесінде кәсіпорындар жобалық қуатына жеткен кезде жылдық сүт өндірісі 32 мың тоннадан 44 мың тоннаға дейін артады», – деп атап өтті аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң динамика байқалды, ет өндірісі 17,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінде. Жұмыртқа өндірісі 95,5 млн дананы құрады, өсім 10% құрады. Сүт өндірісі жыл басынан бері 45,2 мың тоннаны құрап, 6,5%-ке артты.

Жалпы облыста сүт мал шаруашылығын дамытуға, атап айтқанда қазіргі заманғы сүт-тауар фермаларын (МТФ) салуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні жалпы қуаттылығы жылына 46 мың тонна сүтті құрайтын 7 заманауи МТФ пайдалануға берілді (2024 жылы – 3 МТФ, 2025 жылы – 4 МТФ). Өткен жылы қаржыландырылған МТФ жобаларының ішінен ағымдағы жылы жалпы қуаттылығы жылына 31 мың тонна сүтті құрайтын 5 ферманы пайдалануға беру күтілуде, қалған 400 басқа арналған МТФ 2027 жылы іске асыруға жоспарланған («Куанышбаев К.М.» ШҚ, Алтынсарин ауданы), өйткені құрылыс-монтаждау жұмыстарын енді ғана басталады.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды