Курс валют
USD 444,16 ₸
EUR 487,29 ₸
RUB 5,40 ₸
CNY 66,63 ₸
Дата курса: 19.11.2026 Источник: НБК

Жадыра ансамбліне – 35 жыл

19 ноября 2026 8:15 • 22 просмотров

Ансамбльдің басты мақсаты – қазақ ән өнерін сақтау, дамыту, жас ұрпаққа ұлттық мұраны жеткізу және түрлі этнос өкілдері арасында достық пен сыйластықты нығайту. 35 жылға жуық тарихы бар «Жадыра» – өнерді өмірлік серік еткен жандардың басын қосқан, халықтың ыстық ықыласына бөленген шығармашылық ұжым.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялаған жылы халықты әсем әндерімен жадырту ниетімен қазақ ансамблі құрылған еді. Басында ол халыққа «Әжелер» атауымен танымал болған, кейін «Жадыра» болып өзгертілген. Ең алғаш ансамбльді ұйымдастырып көркемдік жетекшілік еткен Ая-София Бәлілқызы болды. Көз тірі кезінде Ая-София апайымыз ансамбьде 29 жыл қызмет етті, ән шырқады. Музыкалық тұрғыдан алғаш әнші-сазгер Қайрат Нұрғазин басқарды. Кейін өнер ұжымына Ақжанай Қалиева және Дәулеткерей Қиқымов жетекшілік етті.

Қазіргі таңда ансамбльге бүкілодақтық және республикалық сайыстардың жеңімпазы, мәдениет саласының үздігі, Қостанай облысы композиторлары мүшесі Владимир Лущ 23 жыл жетекшілік етіп келеді. Тәуелсіздіктің құрдасы болған ансамбльге 2016 жылы Қазақстан Республикасының Мәденит және Спорт министрлігі «Жадыра» халықтық-вокалдық ансамблі атағын берді.

2003 жылдың қараша айынан бастап, өзім осы ансамбль мүшесімін. Жалпы ансамбльдің алғашқы құрамынан бүгін де бір-ақ адам қалып отыр. Ол Зиналиева Баян апайымыз. Баян апайымыздың айтуы бойынша, 35 жыл осы ансамбльдің ыстық-суығын бірге көріп келе жатыр. Ансамбль елмен бірге қатар өсіп келеді.

Негізгі мақсаты – елге, ұрпақ бойына қазақтың халық әндерін дарыту деп мақтанышпен айтады. Қоғам қайраткері, Торғай елінің тумасы, өнер жанашыры Жақсылық Какенұлы кең даусымен ән шырқап, көрерменін өнеріне тәнті етіп жүрген жан. Ортамызда осындай жандар болғанын мақтан етеміз. Сыңғыр дауысты апаларымыздың қатарына соңғы жылдары ер адамдар қосылды. Ансамбль құрамында әртүрлі мамандық иелері, 55–85 жас аралығындағы аға-апалар.

Жалпы ансамбль мүшелері жан-жақты, әр жылы қаламызда өтетін «Екі ұрпақтың жұлдыздары» байқауына қатысып келеді. Айман Нүрпейісова өз қыздарымен қатысып керемет өнер көрсетсе, Бірмағамбетова Бақдина мектеп мұғалімімен қатысып бас жүлде алған болатын. Ансамбь құрамы жаңа әншілермен толығуда. 10 жылдан астам уақыт ансамбльде жүрген көпбалалы ана Муслима Баймурзенова, домбырашы Гүлбану Осипова, Ибраева Назипа, Нүрпейісова, Тайырова Ұлдай, бұл жандарды мақтанышпен айта аламын.

Ансамбль сахнада хормен ғана ән салмайды, қазақтың қара домбырасымен және аспаптық ансамбльде ән шырқайды. Қазақ әндерін сақтау, дамыту, оның мәдени байлығын көрсету, өзге этнос өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас құрып, өзара сенімділікті нығайту – ансамбльіміздің басты мақсаты. Осы жылдар аралығында мектеп, аудан, облыс сахнасында өнер көрсеттік. Әр жылдар ансамбльдер арасында өтетін «Достар дауысы» фестиваліне қатысып, ұлтымыздың салт-дәстүрін де дәріптеп жүрміз. 35 жыл бойы көрермендердің көзайымына айналып, халықты әнімен жадыратып жүрген ансамбльдің ғұмыры ұзақ болсын.

Қайыркенова Шамшия, ансамбльдің жетекшісі