Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жарқын жобалар алаңы

15 августа 2019 12:30 • 677 просмотров

Соңғы жылдары Қостанай облысы аумағында қазақ руханиятына, оның ішінде әдебиеті мен мәдениетіне айырқша үлес қосатын іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Оның біразын айтып та, жазып та жүрміз. Игілікті істердің басында Қостанай обылсы әкімдігінің ішкі саясат басқрамасы тұрады. Бұл, әрине, қуанышты жайт.

Облыстық ішкі саясат басқармасы өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалалары негізінде 34 ақпараттық жобаны жүзеге асырған. Бұл тың бастама жобалар аймақтағы теле-радио арналар, газеттер мен олардың сайттары, әлеуметтік желі арқылы кең таралып отыр. Сондай ілкімді жобаларды бірі – биыл бастауын алған «Жазба айтыс» және «Сана серпіні» жобалары деп айта аламыз. Биыл бұл байқаулар ашық түрде өткізілді.

Қостанайдағы «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінде осынау игі шаралардың «Жазба айтыс» және «Сана серпіні» жобаларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Айта кету керек, Тобыл-Торғай елінің рухани сілкінісіне облыстық «Қостанай таңы» басылымы да зор үлесін қосып келе жатыр. Былтыр қарашаңырақ «Қостанай таңының» бастамашы болуымен өңірде жазба айтыс ұйымдастырылып, 16 ақын газет бетінде кезең-кезеңмен өзара сөз саптасып, суырылып шыққандардың арнайы марапатталған болатын.