Аида Балаева: ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам
Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралыҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау– мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұлбағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырғанреформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білімберу жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлықшешімдерді енгізуде.
«Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім беруменшектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығынабейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева.
Осыған байланысты талапкерлерді іріктеу жүйесінде, әсіресе педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезінде жаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеумен қатар арнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасы қолданылады. Бұл тәсіл талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалық бағыттарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызша емтихандар да ескерілмек. Бұл емтихандар да талапкерлердің оқуға дайындығы мен кәсіби бейімділігіне ерекше назар аударылады.
Министр сондай-ақ ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматына көшіру ұсынылып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл шешім грант конкурсына қатысу кезінде әділ әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ал талапкерлердің дайындық деңгейін тексеру үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.
Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдау тәжірибесінен бас тарту жоспарланып отыр. Себебі мұндай жүйемен қабылданған студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында қажетті шекті баллды жинай алмайды.
«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам», – деп қорытындылады Аида Балаева.
Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасынарттырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады депкүтілуде .