Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жемқорлықты жоюдың жаңа жолы

15 августа 2019 13:30 • 578 просмотров

Күні кеше ғана Қостанай облысының полиция департаментінде күштік құрылымдары мен облыс әкімдігі және қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлықты жою және алдын алу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар фронт-кеңселер жұмысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар енгізуге бастамашылық жасады. 

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша бірлескен шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, облыстың барлық мемлекеттік органдарының басшыларын қатыстыра отырып, халыққа бірыңғай қабылдау өткізу жөнінде ұсыныс енгізілді. 

Тамыз айында полицейлер сыбайлас жемқорлықтың қабылдау деңгейін тексеру үшін онлайн режимінде арнайы мобильдік қосымша арқылы анонимдік сауалнамадан өтеді. Сауалнаманың қорытындысы проблеманы анықтауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын пысықтауға мүмкіндік береді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов атап өткендей, бүгін «жемқорлық» деген ұғымнан арылып, парасаттылық, адалдық, риясыз қызмет түсініктерін енгізу қажет. Бұл жұмысты ведомствоның өзіндік қауіпсіздік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүргізіп отыруы тиіс.