Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алаштың біруар тұлғасы

Алаштың біруар тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин есімі – ұрпаққа үлгі, шығармашылығы – таусылмас қазына.

ХХ ғасыр басындағы аласапыранды басынан өткеріп қана қоймай, мемлекет және қоғам ісінде белсенділік танытып, өтпелі кезеңнің зардабын көрген, кеңестік үкіметтің құрбаны болған қазақ интеллегенциясы өкілі тарихымызда алтын әріппен жазылып қала бермек. Биыл бірегей тұлғаның 125 жылдық мерейтойы ел көлемінде аталып өтіп жатыр.

Шалғайдағы Қамысты өңірі де ұлт жанашырына арнап «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атауымен аудандық ақпараттық-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Аудандық ардагерлер кеңесі мұрындық болған шараға жергілікті әкімдік, «Nur Otan» партиясының өңірдегі филиалы қолдау көрсетіп отыр. Конференцияға жергілікті атқару органдары мен тілдерді оқыту орталығы, аудан орталығы мен ауылдық жерлерден келген ұстаздар, ардагерлер, жастар қатысты.