Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай өңірінде жоғары білім беру қалай басталды?

Биыл Тобыл өңіріндегі тұғырлы оқу орындарының бірі – Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне 80 жыл толып отыр. Осыған орай білім ордасында оны лайықты атап өтуге қазірден бастап дайындық басталып та кетті. Студенттер тек облысымызда ғана емес, республикада да ерекшеорны бар жоғары оқу орнының тарихын, оның қалыптасу кезеңдерін білуі қажет. Оның бастауында кімдер тұрды, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың есімі, олардың қалдырған үлгілі ісі айтылуы қажет деп есептеймін.

Ұлы ұстаз, ағартушы және жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірге келіп, ғұмыр кешкен жері – Қостанай өңірі. Сондықтан да, XIX ғасырдың 60-шы жылдары ұлы ұстаз бастауымен Қостанай-Торғай өңірінде алғашқы бастауыш мектептер, кейінірек училищелер бой көтеріп, қазақ балалары білім алуға бет бұрды. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Қостанай қаласында педагогикалық техникум және қазақ-орыс тілдеріндегі педагогикалық училищелер ашылды. 1936 жылы Қостанай облысы құрылғанда 550 бастауыш мектеп, 73 толық емес, 18 орта мектеп жұмыс істеген. Олар 65 мыңнан астам оқушыны біліммен сусындатты. Тіпті, оқушылар саны жыл сайын өсіп отырған. Мектептер көбейген сайын оларда жұмыс істейтін мұғалімдер ауадай қажет еді. Ал оқытушыларды жоғары білім беретін институт қана дайындайтын. Осыны ескеріп, 1939 жылдың 21 тамызында Қостанай облысы еңбекшілер депутаттары атқару кеңесінің президиумы «Қостанай мемлекеттік мұғалімдер институтын құру туралы» қаулы қабылдады. Қостанай мемлекеттік мұғалімдер институтының ашылуы сол кезде Тобыл өңірі үшін айтарлықтай оқиға болды. Өйткені, тұңғыш рет қостанайлық жастарға жоғары білім алуға мүмкіндік туды. Институттың бірінші директоры болып Дәулет Ыбыраев тағайындалады.

Қалқаман Жақып, Ө.Сұлтанғазин атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің 1974 жылғы тарих және педагогика факультетінің түлегі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры.