Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа мектеп ашылды

Білім күні қарсаңында Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданындағы №29 орта мектебі ресми түрде пайдалануға берілді.  Жаңа  білім ұясының ашылу салтанатына жиналған ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың да құшақтары гүлге толы, көңілдері көтеріңкі.

Білім күніне арналған іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев  қатысып, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың құттықтауын  жеткізді.

– Бүгінгі  мектептің салтанатты ашылуымен және де білім күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын.Аталмыш мерекеде қаламызда қазіргі заман талабына сай тағы бір мектеп бой көтерді. Осындай  мектепте ұстаздарымыз оқушыларымызға  сапалы білім, саналы тәртіп  беретіндіктеріне кәміл сенемін. Өйткені, өңірімізде білім алатын оқушыларымыздың  түрлі олимпиадаларда, ғылыми және түрлі білім