Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Онлайнда – полицейлер

Қостанай полицейлері кезекті онлайн-қабылдау өткізді. Шараның басты мақсаты – облыс тұрғындарын ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау ережесімен таныстыру, өз қатарына сауатты, талантты, ақылды және парасатты жастарды, еліміздің нағыз патриоттарын тарту, сондай-ақ білікті құқықтық кеңес беру.

28 тамызда облыс полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев «Инстаграмм» және «Фейсбук» ведомстволық әлеуметтік желілерінде азаматтарды «онлайн» қабылдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Әлеуметтік желілердегі тікелей эфирді бір мезетте 700-ден астам желі қолданушысы көрді. Облыстық ПД бастығының орынбасарына 40-қа жуық сұрақ қойылды. Азаматтарды жұмысқа орналасу жасы, еңбек ақысы, қажетті білім, тұрғын үй ақысы және т.б. сұрақтар қызықтырды.

— Ішкі істер органдарындағы қызмет – қауіпті және маңызды мамандық. Дәл осы полицейлер азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бүгінгі күні полицияда жас мамандарға тұрақты жалақы, тұрғын үй шығыны ұсынылуда. Бүгінгі таңда облыстық полиция департаментінде 243 бос орын бар. Бос лауазымдарға үміткерлерді қабылдау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Бірқатар үгіт жұмысы ұйымдастырылды. Хабарландырулар ДП ресми сайтында да, әлеуметтік желілердің ведомстволық аккаунттарында да орналастырылады. ҚР ІІМ бастамасымен облыстың жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойылды, оның аясында студенттер ішкі істер органдарына жұмысқа орналаса алады, — дейді Ардақ Ынтықбаев