Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ақынның атын иеленді

Қостанай жұрты тағы да иілікті істің куәсі болды. Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданына қазақ әдебиетінің классигі, даңқты жерлесіміз Бейімбет Майлинның есімі берілсе, ізін сала Рудныйдағы №7 мектеп-гимназиясы да жазушының атымен аталып отыр. Кеншілер қаласында аталмыш сәтке орай бірқатар салтанатты шара өтті.

Тарихи сәтке орай алыстан ат артып келген қонақтар қатары қалың. Ақынның құрметіне мектеп қабырғасында ескерткіш тақта орнатылды. Алдымен алыстан арнайы келген қонақтар, жазушының жиен немересі Дәметер Сейітжанова, Бейімбет Майлин атындағы қордың негізін қалаушы, әрі оның шөбересі Салтанат Мұстафина, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхмет, ақын, ыбырайтанушы ғалым Серікбай Оспанұлы мектеп қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысты. Онда кіріспе сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина он жылға жуық тарихы бар алдыңғы қатарлы, әрі инновациялық білім ордасы Бейімбет Майлин атауына әбден лайық екендігін айтып, мектеп ұжымына шығармашылық шабыт пен биік жетістіктер тіледі.

-Бейімбет Майлин қазақ халқыны мұң-мұқтажын дөп басқан, елінің қамын жеген азамат. Азаттық жолында құрбан болған есіл ердің есімі ұрпақ жадында мәңгілік қалмақ. Аталмыш мектепке жерлесіміздің атын беру – біз үшін зор мақтаныш. Көптен бері ойға алған істің оңтайлы шешлігені бәріміз үшін қуанышты жағдай,-деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина.