Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алаштың Мырзасы

Қостанай қаласында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш арысы Мырзағазы Есболұлына арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Шараға қайраткердің аталас туыстары, өңір зиялылары, елімізге белгілі ғалымдар қатысты.

Мырзағазы Есболұлы – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың ең сенімді серігі. Алаш әскерін жасақтаушы, бітімгер, публицист, аудармашы. 1891 жылы Қостанай уезі Аманқарағай  болысының №4 ауылында, қазіргі Лаврентьевка елді мекенінің маңында туған. 1938 жылы Ленинградта ату жазасына кесіледі. Конференция барысында белгілі ғалымдар Тұрсын Жұртбай мен Сұлтанхан Аққұлұлы 

Қостанайдағы орталық көшелердің бірін Мырзағазы Есболұлы есімімен атау керек деген ұсыныс айтты. Ең алғаш «Алаштың Мырзағазысы» атты еңбек жазып, ақтаңдақ жылдар қалтарысында қалған қайраткер тұлғаның ғұмырнамасы мен мұрасын ғылыми айналымға енгізген алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлы конференцияға қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласынан дұғай сәлем жолдады.