Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мұқтаж жандар мемлекет көмектеседі

Қостанайда облыснда өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтіңң қатысуымен өткен жиында «Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижелері қорытындыланды. Облыс әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Гүлнәр Әбенованың айтуынша, Қостанай кәсіпкерлері мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер аталмыш бағдарламаны барынша қолдады.

Олар тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды көмірмен, отынмен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге белсене қатысқан.

«Облыста 4 және одан да көп балалары бар 5086 отбасы тұрады. Олардың арасынан кезек бойынша мұқтаж жандарға 50 үй мен пәтер берілген. Жалпы сомасы 93 млн теңгеден асады. Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қарабалық, Науырзым, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Лисаков, Рудный, Қостанай қалаларының кәсіпкерлері жақсы көмектесті. Сонымен қатар, 16 мұқтаж жанұяның үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған шамамен 3 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жақында ғана Әулиекөл мен Сарыкөл аудандарында тағы екі отбасының пәтеріне жөндеу жүргізілді», — дейді Қостанай облысы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Гүлнәр Әбенова.