Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Тіл. Жастар. Қоғам» форумы өтті

Онда тіл саясатының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қала тұрғындары марапатталды.

Рудный қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тіл. Жастар. Қоғам» деп аталған жастар форумы өтті. Форум барысында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова құттықтау сөз сөйлеп, тіл форумын өткізуді дәстүрге айналдырған Рудный қаласының әкімдігіне алғысын білдірді.

Рудный қаласы әкімдігінің Алғыс хатымен тіл саясатының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қала тұрғындары марапатталды. Сонымен қатар ана тілімізде таза сөйлеп, замандастарына үлгі көрсетіп жүрген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенті Виктория Дорошко қала жастарын қазақ тілін үйренуге шақырды.

— «Өзге тілдің бәрін біл, өзі тіліңді құрметте» демекші, қай кезде де өзінің ана тілін құрмет тұтқан халықтың болашағы зор болмақ. Тіл үлкен қару. Оның ауқымы да кең. Сондықтан елімізде тіл мәселелі әрдайым басты орынға қойылып келе жатқаны белгілі. Әсіресе, келешек ұрпақтың ана тіліне деген қызығушылығының жылдан-жылға артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл дегеніміз мемлекеттік тілдің болашағының айқындығын білдірсе керек, — дейді аталмыш басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Рудный шаһарында өткен форум жиналғандарға жоғары көңіл-күй сыйлады. Мұнда жергілікті әртістер әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Жиналған жастардың көкейлеріне патриоттық сезім ұялады.