Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай аруы анықталды

Қостанай қаласындағы «Балалар шығармашылығы мектебі» ғимаратында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен тоғыз бойжеткен қатынасып, өзара бақ сынасты.

– Байқаудың негізгі мақсаты – бойжетіп келе жатырған қыз балалардың бойына қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын сіңірту. Қазақ қыз баланы – қонақ санаған. Жат жұрттық болғанан кейін ол қыз ұзатылып барған соң, кеткен жерін ұятқа қалдырмауы қажет. Ол дегеніміз қазақы ғұрыпты сақтап, әдептен озбай, үй шаруашылығына мығымдығын дәлелдеу керек. Біз байқау арқылы қыздардың бойына осындай дүниелерді дарытқымыз келді, – дейді «Қалалық балалар шығармашылығы мектебінің» БАҚ бөлімі жетекшісі Гүлнәр Нұрғалиева.

Қатысушылар байқау алдында бірнеше апта бұрын қаламыздағы аспаздық асүйлерге барып өздерінің ас дайындау қабілеттерін байқап көрген. Нәтижелері жаман болған жоқ.

Нәтижесінде, өз өнерімен, біліктілігімен және сымбаттылығымен ерекшеленген бойжеткендер жеті номинация бойынша марапатталды. Ал, алғашқы үш орынның үшінші орыны «Ел арайлысы» атағы бойынша №10 орта мектептің білім алушысы Талшын Мухтароваға берілді, екінші орынды Сырбай Мауленов атындағы гимназияның бойжеткені «Ел көркі» атағы бойынша Гүлнұр Әбеуова иеленді.

«Ару – 2019» атағына лайық деп Сырбай Мәуленова атындағы гимназияның бойжеткені Айша Газиз жеңімпаз атанды.

Жұмабике Нұрсейітова. Науырзым ауданы.