Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Берекелі мереке

Меңдіқара ауданының диқандары Ауыл шаруашылығы күнін атап өтті. Кең көлемді мәжілісте осы жылғы еңбек қорытындыланып, саланың үздік қызметкерлері марапатталып, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Жер-ана төсін емген меңдіқаралық шаруалар осы жылдың қолайсыздау ауа райына қарамастан, анағұрлым молырақ өнім алған табысты үш өңірдің қатарынан көрінді. Бұл жайында салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков мәлімдеді.

«Биыл қалыптасқан межеден үш есе аз жауын-шашын түсті. Соған қарамастан біздің ауданның шаруалары өздерінің нағыз маман екендіктерін дәлелдеді. Астықтың орташа шығым көлемі гетарына 12 центнерді, ал майлы дақылдар 5 центнерді көрсетті. Анағұрлым ауқымды нәтижеге «Орлан», «Береке таң», «Қарқын», «Раскөл» секілді серіктестіктері ие болды. Бұл инновациялық технологияны қолданудың, танаптарды кеңейтудің арқасында мүмкін болды. «, — деді Меңдіқара ауданының әкімі Нұрлан Қатарбеков.

Аудан диқандары биыл мемлекеттің 1,5 млрд теңгеден астам субсидиясына қол жеткізген. Оған 2 мың тонна элиталық тұқым, 4,5 тонна минералды тыңайтқыш алыныпты. Сондай-ақ, техникалық база да жаңартылған. Осы жылы 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалып, жаңадан 28 трактор,7 комбайн және 96 өзге де заманауи техника егін науқанына қосылған. Ауыл шаруашылығымен қатарлас, ауданда шағын бизнес те дамып келеді.