Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тұрғындар игілігіне

Қостанай облысының Лисаков қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында жүз орындық «FoxСinema» кинотеатры ашылды. Бұл лисаковтықтар үшін тамаша жаңалық. Себебі қалада соңғы 20 жыл ішінде кинотеатр болмаған.

Кинотеатрдың ашылу салтанаты қалалық мәдениет үйінде өтіп, қала әкімі Алмат Исмағұлов қатысып, игі шараның тұсауын кесті. Қалада бұрын соңды «Искра» атты жалғыз кинотеатр болған. Ол өткен ғасырда, яғни, 1980 жылы салынған. Аталмыш кинотеатрдың жабылғанына 20 жылдан асты.

Қала орталығында орналасқан мәдениет үйінің кіші залында енді жаңа кинотеатр орналасқан. Бұл залдың жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 22 млн астам қаражат бөлінген. Ал осы істі қолға алған «НұрСтрой–Сервис» ЖШС заманауи экран мен дыбыстық құрылғы, жұмсақ орындықтарды орнатқан. Қосымша он жұмыс орны ашылды.

–Еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында маңызды шараны өткізгелі отырмыз. Бұл біз үшін көптен күткен мереке десек те болады. Бұрын соңды кең форматты «Искра» кинотеатры сонау 80-ші жылдардың басында ғана болған еді. Қазір ол жер жабылып, сауда орнына айналды. Жиырма жылға жуық қаламызда кинотеатр болмады. Бүгін сол кемшіліктің орны толып, қалалық мәдениет үйінің ішінен біз жаңа кинотеатрды ашып отырмыз. Кинотеатр заманға сай құрылғылармен жабдықталған, 2D, 3D үлгісіндегі киноларды көрсететін болады. Уақытты жақсы өткізіп, жақсы демалуға бар жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да орындар қарастырылған. Бұл мемлекеттік сала мен жеке меншік секторының бірлескен жобасы деп айтуға болады. Біз шағын залды жөндесек, серіктесіміз құрылғыларды орнатты. Осының арқасында жұмыс орындары да ашылып отыр. Билет бағасы да облыс орталығынан әлдеқайда төмен болады. Енді кино көру үшін өзге қалаларға сабылудың қажеті жоқ. Бүгінгі тамаша шарамен барлық қалалықтарды құттықтағым келеді, – деді қала әкімі А. Исмағұлов.