Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қасым атты қас батыр…

Қазақ даласында Ұлы Отан соғасының зардабын тартпаған, салқынын сезбеген жан жоқ шығар. Бүгіндері әрбір шаңырақтың төрінде отан үшін от кешкен жауынгердің суреті ілініп тұрады. Осыдан-ақ, қаһарлы жылдардың қасіретін түсінуге болады.

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты.

Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Мәскеу түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мұндай ерлік көрсеткен жауынгерлер қатарында біздің жерлестеріміз де жоқ емес. Сұлтан Баймағамбетов, Леонид Беда сынды қостанайлықтардың жанкештілігі ел есеінде мәңгі сақткалмақ. Сондай батырлардың бірі – Қасым Ахметов.

Қасым Ахметов 1917 жылы Қостанай облысының Меңдіқара ауданына қарасты Төлеңгіт ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында ескерусіз қалып, тарих қойнауына кеткен талай оқиғалар мен деректер аз емес. Әсіресе, көзсіз ерлігінің арқасында Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынылып, кейін түрлі себептермен сол марапаттарды ала алмай кеткен боздақтар қаншама? Әрине, сұрапыл майданға ешкім батыр болу үшін бармағаны анық және ұрыс кезінде көрсеткен ерлігін бұлдап, орден-медаль, даңқ сұраған жоқ олар. Қасым Ахметов – қысқа ғұмыры ерліктің үлгісіне батыр.

Өңірімізде Ахметовтер әулетін білмейтін жан кемде-кем шығар. Білікті педагогтар, тәжірибелі ұйымдастырушылар, қоғам өмірінде қолтаңба қалдырған азаматтары бар жанұядан Қасым секілді батырдың шықпауы мүмкін емес.

Айсұлу ЗИМИНА