Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-да «Жас буындар-2019» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Негізгі мақсат – пікірсайыс ортасына енді ғана қадам басқан жастарды қолдау және олардың біліктілігін арттыру болды.

Турнирге Көкшетау, Қарағанды және Қостанай қаласының пікірсайыс клубтарынан өтініш қабылданып, қазақ лигасы бойынша 20 фракция 40 спикер қатысты. Қатысушыларға қалалық, облыстық және республикалық турнир жеңімпаздары төрешілік етті.

Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі ҚР мемлекеттік әнұранымен басталып, төрешілік брифингі өткізілді. Турнирдің бас төрешісі аталмыш турнирдің маңыздылығы мен негізгі мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирдің алғашқы күні іріктеу ойындарымен қорытындыланды. Ал екінші күні  «БПФ» және «ЛД» форматы бойынша  1/4, 1/2 және  финалдық ойындар өткізілді.

Тартысты өткен республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша талантымен ерекшеленіп, жоғары нәтиже көрсеткен Қарағанды қаласының пікірсайысшылары «Кеттік, бәрін таста» фракциясы – Исжанов Арсен мен Тұңғышбек Арман І орынға ие болды. Жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау және Қостанай қаласының пікірсайысшыларынан құралған «Qostanai – Kokshetay» фракциясының ойыншылары Шуйнишбаев Мұратхан мен Сейпілева Сая марапатталды. Республикалық турнирдің ІІІ дәрежелі дипломына А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ  студенттерінен құралған «Intriga» тобы –Досанова Әлия мен Әбдісаттарқызы Аружан ие болды.

«Үздік спикер» аталымына Көкшетау қаласы пікірсайысшысы Сейілева Сая, «Үздік төреші» номинациясына Қожабекова Аякөз лайық деп танылды.