Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Депутаттар халықпен кездесті

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлия Сапарова, Иван Клименко, Ирина Аронова, Қуаныш Сұлтанов және Альберт Рау Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

Мәжілісмендердің жұмыс тобы әуелі облыстың партия белсенділерімен кездесті. Жиында елді мекендерді оңтайландыру, әлеуметтік жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесі және әлеуметтік көмек пакеті сөз етілді. Сонымен қатар Жастар жылының қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаланың белсенді жастарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар Қостанай облысындағы жастар саясатын дамыту саласындағы ең өзекті мәселелерді айтты, барлық айтылған тақырыптар депутаттар назарына алынды. Халық қалаулылары жұмыс тобының бірінші күнін Қостанай аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысымен аяқтады.

Сапар аясында депутаттар біздің облыстың барлық елді мекендерін, соның ішінде шалғайдағы ауылдарды аралап шықпақшы.

Аймақтың педагогикалық қоғамдастығы мәжілісмендерге өңірдің проблемасын айтты. Халық қалаулылары Қостанай қаласының белсенді жастарымен де бас қосты. Әсіресе біздің аймақтағы жастар саясатын дамыту саласындағы ең өзекті мәселелер анықталды. Ұсыныстар мен пікірлер депутаттар назарына алынды. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова атап өткендей, парламент жұмысы барынша ашық.

«Өткен жылдан бастап нақты уақыт режімінде жұмыс топтарының отырысы өтіп жатыр. Депутаттық сауалдарды қалыптастыруда облыстық және аудандық мәслихаттарға ерекше рөл бөлінген. Бұл ретте Қостанай облысының Парламентпен өзара іс-қимыл бөлігіндегі жұмысы республикадағы ең үздіктердің бірі деп танылды», — деді Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутатыИрина Аронова. Сапар аясында депутаттар облыстың шалғай ауылдарын араламақ.

Қостанай облысына жұмыс сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары әуелі Әулиекөл ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Халық қалаулылары Әулиекөл ауданының активімен кездесті. Тұрғындар түйткілді мәселелерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Мәселен, аудан тұрғыны Фаина Михайловна сауда-саттық нысандарына бірнеше жыл бойы газ құбырының жүргізілмегенін айтты. Ол 40 сауда ұйымының өкілі қол қойған ұсыныс хатты депутаттарға ұсынды.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, мұндай мәселелер әр өңірде бар. Сол себепті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, депутаттар елді мекендерді аралап, тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысуда.

Әулиекөл бастауыш мектеп-интернатының ұжымымен әңгіме барысында депутаттар «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануына байланысты өзгерістерді түсіндіріп берді.