Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шетелдік көліктің – шектеусіз мәселесі!

«Жолда қабылдау» республикалық акциясының алғашқы сағаттарында Қостанай полицейлеріне 200-ден астам сұрақ қойылды. Тұрғындарды қызықтырған өзекті мәселе – шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу.

Жыл басынан бері аймағымыздың полицейлері жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша Ресей Федерациясының 981 көлік құралы ұсталса, оның ішінде 472 жүргізушіге әкімшілік іс қозғалыпты. 1,5 мыңнан астам нұсқамаға хабарлама берілген. Әкімшілік бойынша қысқартылған тәртіпте өтелген берешек – 563, жалпы сомасы 3 млн 858 мың 975 теңгеге (50%). Ресей Федерациясының 20-дан астам көлігі айыппұл тұрағына алынған.                                              

«Қазақстанда ТМД елдерінің көлік құралдарын міндетті түрде есепке қою қарастырылмаған. Автоматтық режимде жұмыс істейтін арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен 64 мың шетелдік нөмірлері бар автокөліктер жол қозғалысы ережелерін бұзған. 2019 жылы Қостанай облысының аумағында шетел нөмірлері бар автокөліктердің қатысуымен 65 ЖКО тіркелді, онда 14 адам қаза тауып, 75 адам жарақат алды. Оның ішінде 8 көлік транзитпен жүріп өткен шетел азаматтарының басқаруында. 65 ЖКО-ның 63-і – Ресей, біреуі қырғыз, біреуі беларус нөмірлі» делінген департамент өкілдерінің хабарламасында.

Кездесуге қатысқан азаматтар мен БАҚ журналистеріне Қостанай филиалының орынбасары Эльдар Күзенбаев пен Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов жауап берді.

— Бүгін сындарлы диалог аясында біз Қостанайдың автокөлік иелері бастамашыл тобының мәселелерін, сондай-ақ Полиция департаменті мен Мемлекеттік кірістер депаратментінің түсініктемесін тыңдауға жиналып отырмыз, — деп атап өтті Эльдар Күзенбаев.