Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысында басқарма басшысы тағайындалды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыс активіне басқарма басшысын таныстырды.

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Азамат Совхозбайұлы Кашиев Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Азамат Кашиев 1986 жылы 29 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Бұрын Федоров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Айта кету керек, Азамат Кашиев Президенттік Жастар кадрлық резервіне енген үш жүз үміткердің қатарына кірді.

Архимед Мұхамбетов басқарманың жаңа басшысына мемлекеттік қызмет көрсету мен ақпараттандыру саласының жұмысын жандандыруды тапсырды.