Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа зауыт ашылады

Қостанай облысының әкімі «КамАз» бөлшектерін жасау орталығын ашуға тапсырма берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы мен машина жасау салалары жоғары қарқынмен дамуда. 2019 жылдың қорытындысы өңір жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, «СарыАрқаАвтоПром» 24 мыңнан астам жеңіл автомобиль өндірді. Бұл серіктестік экспортының 9 есеге көбеюіне ықпал етті.

-Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы автомобиль көлігі колледжі мен құрылыс колледжіне барды. Бүгінгі таңда құрылыс және машина жасау салаларында мамандар жетіспейді. Кездесу кезінде облыс әкімі «КамАз» жеке акционерлік қоғамымен бірігіп, оқу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Жоғарыда айтылған сала мамандарының санын арттыру жөнінде тапсырма берді. Облыс әкімдігі оқу орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектеседі, — дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.