Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа нөмір, жаңа аймақ…

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев халыққа шетелдік көліктерді уақытша тіркеу шарттарын түсіндірді. Бұл туралы ҚР орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ол Мемлекет басшысының ЕАЭО қатысушы елдерінен Қазақстан азаматтары әкелген шетелдік көліктерге төленетін салық пен алымды 2021 жылдың 1 наурызына дейін шегере отырып, тіркеу туралы Үкіметке тапсырма бергенін еске салды.

«Уақытша тіркеу үшін арнайы қызмет көрсету орталығына барып, келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар және бастапқы тіркеу үшін төлем түбіртегі, мемлекеттік нөмір мен техникалық паспортты дайындағаны үшін төлемдер. Шарттары өте қарапайым, азаматтарға бұл көліктерді заңдастыруға, сондай-ақ қайта өңдеу мен кедендік бажды бір жылға кешіктіріп төлеу мүмкіндігі беріліп отыр», — деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат ҚожаевОрталық коммуникациялар қызметінде «ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз ету және тұрақты есепке қою туралы» баспасөз мәслихатында.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұл автокөліктерге арнайы сериялы және типтік нөмірлер беріліп, техникалық паспортқа көлікті тіркеу шарттары туралы сәйкес белгі қойылады.