Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Пекинге алғашқы партия жіберілді

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваның төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында Агенттік 2018-2019 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде тіркелген құқық бұзушылықтарды қоса есептегенде, 155 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелгендігін жеткізді.

Осыған байланысты, Министрлік жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін хабарлау қажет деп санаймыз, оның деректері бойынша 2018-2019 жылдары Министрлік жүйесінде 56 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі тіркелді, оның ішінде 28 қызметкер сотталды. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің саны жыл сайын азайып келеді, егер 2018 жылы 30 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелсе, 2019 жылы – 26.

Қалған тіркелген 99 факт (155-56) жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы бөлімшелерінің лауазымды азаматтарына тиесілі.

Анықтама ретінде: Министрлік тарапынан жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен салыстырылып тексерілді.