Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Полицияда тиімді сканерлер пайда болды

Бұл еңбек мигранттарын есепке қою рәсімін жеңілдетеді.
Жаңа сканерлер әзірге Қостанай облысының 5 полиция бөлімі мен басқармаларында бар. Биыл барлық бөлімшелерде пайда болмақ.

Облыста алғашқылардың бірі болып, ерекше сканермен облыстың көші-қон қызметі орталығы жасақталды. Бұл еңбек мигранттарын есепке қою рәсімін барынша жеңілдетеді.

Бұдан басқа, бұл жүйе ІІМ базаларымен тікелей біріктірілген. Жұмысқа рұқсат алу кезінде арнайы есепке қою рәсімі заңды түрде бекітілген. Жұмыс басталғаннан бері қазіргі заманғы әдісті қолдану арқылы бояусыз 300-ден астам еңбек мигранттары дактилоскопияланды.

Көші-қон қызметі бөлімшесін одан әрі жаңғыртуды Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов көші-қон қызметінің жеке құрамымен кездесуде талқылады.

— Көші-қон қызметінің жұмысы бойынша тұрғындар полиция жұмысын бағалайды. Бұл басқарма ішкі істер органдары жүйесінде барлық мемлекеттік қызмет көрсетеді. Нақты айтсам, мемлекеттік қызметтің 18 түрін көрсетеді, — деп атап өтті генерал жеке құрамға.

Облыс аудандарына барған кезде Департамент бастығы осы бөлімшенің жұмысына және азаматтарды қабылдау үшін жасалған жағдайларға назар аударады.
Тек өткен жылы ғана көші-қон қызметі жарты миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың басым бөлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы. Веб-портал арқылы 60 мың қызмет көрсетілді.

2020 жылдың 11 қаңтарында халықтың көші-қоны саласындағы ҚР Заңына түзетулер қабылданып, олар келетін шетелдіктер үшін көші-қон карточкаларын толығымен жойып, 30 күнге дейін полицияға тіркеуден өтуді көздейді.

Бұл ретте шетелдіктің өзі рұқсат алу үшін көші-қон қызметіне жүгінбейді.
Қазақстанның көші-қон климатын және туристік тартымдылығын жақсарту мақсатында әлемнің 57 мемлекетіне визасыз режим орнатылды.

Көші-қон заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар бүгінде барынша либералды.