Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өткен жыл қорытындыланды

Қостанай облысының полиция департаментінде 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. Өңірде белсенді жұмыстың арқасында ауыр қылмыстардың ашылуы 15% — ға, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 8,6% — ға жақсарған.

Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюктің, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарының, прокуратура, ҚАЖД, ТЖД, 6697 әскери бөлімі өкілдерінің, сондай-ақ департаменттің басшылық құрамының қатысуымен өткен қорытынды жедел кеңесте құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.

— Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының маңызды реформалары жүргізілді. Күш құрылымдары жұмысының құқықтық базасы жақсартылды, функциялары нақты айқындалды. Ішкі істер органдарын жаңғырту азаматтардың құқықтарын қорғауда ашықтықты қамтамасыз ету бойынша сенімді қадамдар жасауға мүмкіндік берді, — деді Сергей Каплюк өз сөзінде.

Жалпы, Департамент штабының бастығы полиция полковнигі Мейрам Қажкеновтың айтуынша, облыстық ведомствоның жұмысы 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Штаб бастығы жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 16,1% — ға төмендегенін атап өтті. Аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жұмыс жағдайына қатысты Қостанай облысында ашылмаған аса ауыр зорлау және жыныстық тиіспеушілікке қарсы өзге де қылмыстар жоқ екенін атап өткен жөн.