Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тірі мал экспортына тыйым

8 февраля 2020 11:00 • 495 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрімен өткен кездесуде «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері тірі малдың экспортына тыйым салу мерзімін 6 ай емес 60 айға дейін ұзартуды ұсынды.

Алқалы жиын барысында Сапархан Омаров фермерлер одағының мүшелерін жаңа президенті болып Жигули Дайрабаевтың сайлануымен құттықтады. Сондай-ақ, министр бұған дейін ҚФО мүшелерінің көпшілігімен дәстүрлі сенбілік кездесулер шеңберінде кездескенін айтты. Ал толық құрамдағы алғашқы кездесу екенін атап өтті.

ҚФО мүшелері ҚР АШМ министріне ауыл шаруашылығының барлық өзекті мәселелері туралы ашық айтты. Оның ішінде гербицидтерге субсидия алу мәселелері, сондай-ақ сүтті және етті мал шаруашылығындағы қазіргі жағдай да кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, фермерлер «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасында олқылықтар жіберілгенін алға тартты. Олардың пікірінше, мал басын көбейту үшін «ангус» тұқымының импортына баса назар аударылғаны қателік. Себебі, бельгиялық сиырлардың көрсеткіштері әлде қайда жоғары: бұқа мен сиырдың тірі салмағы айтарлықтай көп, сойылған кезде 80%-ға жуық, ал ангус 65%-ға жуық ет береді. Сонымен қатар, ангусқа қарағанда сүтті екен.