Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Толық ақпарат телефонда

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бағдарламасы аясында жақын арада ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалаудың салалық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Яғни,  сатып алушылар сөрелерде тұрған азық-түліктер туралы толық ақпаратты өз смартфондарының көмегімен, арнайы QR-кодты сканерлеу арқылы біле алатын болады.

Осылайша, тұтынушылар дүкендегі азық-түліктердің қайдан келіп түскенін, қайда өсірілгенін немесе кім өсіргенін, қайдан тасымалданғанын біле алады.

Сондай-ақ, ет өнімдері өндірілген малдың егілгендігі туралы және оның иесі кім болғаны туралы толық танысады. Яғни, азық-түліктің шаруадан бастап дүкен сөресіне дейінгі жолын көруге мүмкіндік туады. Бұл ақпаратты алу үшін арнайы «мобильдік қосымша» жасалады.

Аталмыш қадағалау жүйесі тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Сондай-ақ, бұл жүйе Қазақстанға өз өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. ҚР АШМ қадағалау жүйесін  сүт өнімдері және тауық жұмыртқасынан бастауды көздеп отыр, себебі ЕАЭО елдерінде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің аталған түрлерін таңбалау бойынша жобалар жүзеге асырылуда.