Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мемлекеттік тілді меңгеру – маңызды міндет

15 февраля 2020 11:00 • 526 просмотров

Қостанай облысындағы «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында жаңа оқу жылы басталды. Биыл мұнда Қостанай облысы Полиция департаментінің 102 қызметкері қазақ және ағылшын тілін үйренбек.

Өткен жылмен салыстырғанда тыңдаушылардың саны артқан. 102 адамның 86-сы мемлекеттік тілді, 16-сы ағылшын тілін игеруге ниетті. Олар үш жыл көлемінде тілді терең меңгеріп шығады.

Айта кетейік, былтыр 86 полицей «Тілдарын» орталығының сертификатына ие болған.

«Мемлекеттік тілді үйрену мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Департамент қызметкерлерінің қазақ тілінде таза сөйлеп, сауатты жазу үшін барлық жағдай жасалған. Соның ішінде, жылдам қимылдау арнайы жасағы мен әкімшілік мемлекеттік қызметкрелер курсқа жазылған. «Тілдарын» орталығымен бірлесе отырып, бүгіндері көп жетістікке қол жеткіздік», — дейді Қостанай облысы Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Әсемән Түгелбаева.

20 наурыз күні республикалық «Қазтест» диагностикалық тесті өтеді. Қазіргі таңда барлық тыңдаушылар қызу дайындық үстінде.

Қазақ тілі курсының белсенді тыңдаушылардың бірі – Вячеслав Нұржанов. Вячеслав жылдам арнайы қимылдау жасағының психолог маманы. Ол қазақша ауызекі тілде еркін сөйлейді, бірақ бұл оның мамандығы үшін аздық етеді. Сол себепті, ол мемлекеттік тілді еркін білуге талпынып жүр.

«Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың міндеті. Қазір қазақ тілінде таза сөйлеуге еңбек етіп жатырмын», — дейді В.Нұржанов.