Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кешеннің құрылысы басталды

16 февраля 2020 11:00 • 480 просмотров

Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Кешенде 7,5 мың бас малды өсіруге болады. Оның ішінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы мен 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктор болады. Жоба құны 6 млрд теңге. Бұл мал бордақылау алаңы 2018 жылы іске қосылған «Торғай Ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешенін жылына 3 000 тонна шикізатпен қамтамасыз ететін болады», — деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақтың жұмысымен таныстырды. Мұнда қазір ресейлік инвесторлар арқылы теміржол вагондарының құйма өндірісін орналастыру мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені саласында жергілікті компания жыл сайын 600 мың тонна астық өңдеу қуаттылығымен ауыл шаруашылығы дақылдарын тереңдете өңдеу жобасын іске асырып жатыр. Индустриялық аймақта «КамАЗ» арнайы техникасының бөлшектері шығарылады. Өнеркәсіптік кооперация шеңберінде бұл жобаға 100 млрд теңгеден қаржы құйылмақ.