Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тіркеу тұрақты жүреді

17 февраля 2020 12:30 • 577 просмотров

Қостанай қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да Әкімшілік полиция басқармасы, кеден және салық органдары мамандарының қатысуымен брифинг өтті. Жиында шетелдік нөмірді көлікті тіркеу тәртіптері түсіндірілді.

«Қазақстандықтар шетелдік нөмірі бар автокөліктер осы жылдың 1 наурызына дейін тіркелуі қажет. Тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгіленеді. Бүгінге дейін 278 адамға кеңес берілген. Оның 236-сы РФ-нан, 37-сі Армениядан, үшеуі Қырғызстаннан және екеуі Беларустен әкелінген көліктерді тіркеуге тәртіптері туралы ақпарат алған. Әзірше, облыстың 5 азаматы тіркеуден өтіп, белгіленген үлгідегі құжат пен жаңа нөмір алды», — деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Григоревский.

Уақытша тіркелім үшін орталыққа көліктің техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік нөмірін тапсыру қажет. Мемлекеттік баж салығы көліктің шыққан мерзіміне байланысты салынады.

Мәселен, Армениядан әкелген темір тұлпарының шығарылғанына үш жылдан асқан азамат нөмірлік белгі мен техникалық куәлігі үшін 1 325 500 теңге төледі. Тіркеу жасатқан өзге төрт азаматқа көліктерінің «жасына» байланысты 600 теңге мен 200 мың теңгенің арасында салық міндеттелген.