Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Достықтың туын жықпай…

Қостанайда облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен этно-мәдени бірлестіктердің алқа отырысы өтті, деп хабарлайды «Қостанай таңы».

Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық департамент басшылары мен ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері қатысты. Алдымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожинаның баяндамасы тыңдалды. Бибігүл Бүркітқызы 2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Екінші жартыжылдықта этностардың Мәдениет күндері аясында этномәдени бірлестіктердің бірқатар іс-шара өткізілді. Вайнах жұртының жер аударылуына 75 жыл толды. Соған байланысты шешен-ингуштардың мәдениеті күні өтті. Кейін корей этно-мәдени орталығының екінші облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Украин халық шығармашылығының XXIII облыстық байқауы, Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған Достық мерекесі де жоғары деңгейде өтті. Президент Жолдауын орындау аясында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы мемлекеттік тілді дамыту, этностардың ана тілдерін оқыту бойынша қызметін жалғастыруда. Қыркүйек айында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында өзге ұлт балалары арасында мемлекеттік тіл білгірлерінің жыл сайынғы облыстық байқауы болды, — деді Бибігүл Аққожина.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы жоғары дәрежеде өтпек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этностық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет – жоспарланған іс-шаралардың тақырыбы. Облыстық Ассамблея қайырымдылыққа көп көңіл бөледі. 2019 жылдың басында қазақ халқының дәстүрлері негізінде әзірленген қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесі бекітілді. Әрбір аудан мен қалада Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары бар. Олар тұрақты негізде демеушілік көмек көрсетіп отырады.