Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Министр құс өсірушілермен кездесті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аграршылармен кезекті сенбілік кездесуін өткізді. Бұл жолы министр құс шаруашылығы өкілдерімен саладағы өзекті мәселелерді ашық талқылады.

Кеңеске «Қазақстан құс өсірушілер одағының» президенті Руслан Шәріпов, Қазақстанның ірі құс шаруашылығы кәсіпорындарының: «Шымкент құс» ЖШС, «Фирма Алекри», «Ордабасы Құс», «Есіл құс фабрикасы», «Сары-Бұлақ», «Алсад Казахстана», «Адель құс», «Алель Агро» АҚ, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» және «Азық-түлік корпорациясы» басшылары мен құрылтайшылары қатысты.

Кәсіпкерлер мен ҚР АШМ өкілдері саладағы өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, жұмыртқа өндірушілер үшін тауарлық-ерекше субсидияны қысқарту мәселесі қозғалды.

Ауыл шаруашылығы министрі құс шаруашылығы АӨК басым салаларының бірі болып табылатынын және оның әлеуетінен азық-түлік қауіпсіздігі, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының даму деңгейі мен қарқыны байланысты екенін атап өтті. «Соңғы жылдары бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың, сондай-ақ Мемлекет басшысы тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесінде салада тұрақтандыруға қол жеткізілді және құс шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін өсірудің тұрақты бағыты белгіленді. Сондай-ақ, осы салаға ҚР 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасына да көп көңіл бөлінді», — деп атап өтті министр